Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана көзбен көретін белгілер емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтаныштың қайнар көзі, жарқын болашаққа деген сенімнің, Отанға деген адалдықтың символы». Бұл сөздер біздің Туымыздың, Елтаңбамыздың және Әнұранымыздың мән-мағынасын айқын бейнелейді. Олар – Тәуелсіздіктің, бостандықтың және ұлттық бірліктің белгісі, халқымыздың бай тарихын, мәдени мұрасын және рухани құндылықтарын бейнелейді. Әрбір рәміз терең мағынаға ие болып, барша қазақстандықтар үшін мақтаныштың қайнар көзіне айналған.

Бүгінгі таңда рәміздерімізге деген құрметті сақтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның мұраттарына адалдықты сіңіру бұрынғыдан да маңызды. Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары әрдайым патриоттықтың, еңбекқорлық пен бірліктің жарқын үлгісі болып қала беретініне сенімдімін. Біз бәріміз бірге қуатты, тұрақты әрі өркендеген Қазақстанның дамуына үлес қосып келеміз.

Құрметті жерлестер! Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс және туған жеріміздің игілігі жолындағы үлкен жетістіктер тілеймін! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әрқашан бейбіт және гүлденген еліміздің үстінде желбірей берсін! Мереке құтты болсын!

 

Аудан әкімі                                                                      Қ. Мыржақыпов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1011308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version