Қостанайлық қуыршақ әртістері «Ортеке» фестивалінен жеңіспен оралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 21-25 мамыр аралығында Алматы қаласында «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестиваль 2007 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің бастамасымен құрылған болатын. «Ортеке» фестивалі дәстүрлі түрде Қазақстанның және шет елдердің үздік қуыршақ театрларының басын қосып, көрермендерге жарқын спектакльдер мен инновациялық театр формаларын ұсынып, тәжірибе алмасу, шығармашылық идеялар мен сахналық қуыршақ өнері дәстүрлерін сақтау алаңы ретінде қызмет атқарады. Қостанай облыстық қуыршақ театры Халықаралық фестивальде керемет өнер көрсетіп, үлкен жеңіске жетіп, «Ең үздік актерлік ансамбль» номинациясы бойынша беделді марапатқа және 1000000 теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасы – бүкіл актерлік құрамның талантын, командалық ойын деңгейін, үйлесімділігі мен кәсібилігін мойындау болды. Театр ұжымы қазылар алқасының назарына режиссер Н. Сабашвилидің «МЕН…» спектаклін ұсынды. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, фестиваль бағдарламасында ерекше орын алды. Қазылар алқасы ансамбльдік актерлік өнер шеберлігін белгілей отырып, әртістердің қойылым мазмұнын жүзеге асырған мәнерлігін, орындау дәлдігі мен эмоционалды тереңдігін атап өтті. Қостанайлық өнерпаздардың осындай беделді сахнада жеңіске жетуі тек театрдың ғана емес, облыстың мәдениеті үшін де елеулі жетістік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1004831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version