Сандықтау ауданының әкімі Васильев ауылдық округі мен Мәдениет ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Васильевка ауылдық округі мен Мәдениет ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспарларын баяндап, сондай-ақ халық алдында есепті ақпаратпен ауылдық округтердің әкімдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында тұрғындар шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде Каменка – Васильевка автожолындағы шұңқырларды жөндеу, Васильевка ауылына кіре берісте жол белгісін орнату, Ұлан ауылында көше жарығын ұйымдастыру, Ұлан – Мариновка облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу, Мәдениет ауылында су құбыры желісін қалпына келтіру қажеттілігі бар мәселелер көтерілді.

Барлық айтылған сұрақтар бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1003958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version