Мәртөк ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл – халық саулығы үшін күн-түн демей еңбек ететін дәрігерлер мен медбикелерге алғыс білдіретін ерекше күн.
🎙️ Іс-шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылған істер мен алдағы жоспарлар кеңінен айтылды. Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары бағасын берді.
🏅 Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік мамандарға «Ардақты ардагер» медалі мен Алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың ұзақ жылғы адал еңбегіне деген ризашылықтың белгісі.
🏥 Биыл аудан бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды:
• Аудандық аурухананың сыртқы кәріз жүйесі мен өрт сөндіру гидранттары толық жөнделді;
• Байнассай ауылдық медициналық пунктіне күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындалды;
• Сарыжар ауылында алғашқы медициналық көмек көрсету пунктін салу жоспарда;
• Ауданға жаңадан келген 4 жас дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, көтерме қаржы берілді.
📊 Бүгінде Мәртөкте 250-ден астам медицина қызметкері тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде.
🎶 Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының көтеріңкі көңіл сыйлаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
#Мәртөк #МедицинаҚызметкерлеріКүні #АқХалаттыЖандар #ДенсаулықСақтау #Құрмет #Алғыс
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1018020?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау