ШҚО-да медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасында медицина қызметкері күнімен құттықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері күніне орай «Шығыс медицинасы-2025. Негізділік. Жаңару. Жауапкершілік» тақырыбындағы салтанатты іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық филармонияда өтті.

Медицина қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов құттықтау тілектерін білдірді.

«Қадірлі медицина қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің әрбір күндеріңіз халыққа қалтқысыз еңбек етудің, зор жігерліліктің және халыққа көрсеткен махаббаттарыңыздың белгісі. Сіздер әрдайым азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп келесіздер.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала, және медицинадағы соңғы жетістіктер халық игілігі үшін пайдаланылып, медицина қызметкерлеріне жетуі қажет. Бүгінгі таңда медицина қызметкерінен тек жанқиярлық және кәсіби шеберлік ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму, медицинадағы соңғы жетістіктерді меңгеру және жаңа технологияларды енгізу де талап етілуде.

Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және құрылысын сплу жүйелі атқарылуда. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру» ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Биыл басталған нысандардағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады. Сонымен қатар, облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы 1–3 қабаттағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, сондай-ақ Ана мен бала орталығының стационарының ғимаратын перинаталдық орталыққа ауыстыру жұмыстары атқарылады. Қазірдің өзінде Қасым Қайсенов кентінде 150 келушіге арналған емхана пайдаланылуда”.

Шара барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарын үздік медицина қызметкерлеріне табыс етті. Марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарын табыс етуімен, әрі қарай жалғасты. Сонымен қатар, еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне «Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгілері берілді. Салтанатты шара бағдарламасында емделуші балалардың ата-аналарының атынан медицина қызметкерлеріне деген алғыс сөз сөйлеуі болды. Мереке концерттік бағдарламамен және естелік суретке түсумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1018021?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version