АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 31 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
13 маусым күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, аудандық бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу;
2. Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу;
3. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 31 қазандағы №22/3 «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
Аталған мәселелер сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған болатын. Соған сәйкес, сессия барысында ұсынылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1017649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version