Семей қаласында маусым айының соңына дейін 44 жаңа автобус сатып алынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қаладағы автобус парктерінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда Семей қаласында маршруттық желіге сәйкес 42 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылған. Бұл бағыттарды 5 автобус паркі қамтамасыз етеді. Күнделікті бағыттардағы қозғалыс тұрақтылығы орта есеппен 80-82% шамасында.

Қалада жолаушыларды тасымалдайтын барлық автобустар GPS трекерлермен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы көлік қозғалысын «Bus Report» стационарлық бағдарламасы мен «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, автобустар электрондық төлем жасауға арналған валидаторлармен толық қамтылған.

Жыл соңына дейін көлік паркін жаңарту мақсатында 70 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде маусым айының соңына дейін 44 автобус қалаға жеткізіледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік сапасын арттырып, тұрғындардың қатынауын жақсартуға септігін тигізбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version