Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі-ДЗ мен МБ) айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру.

11.06.2025 ж. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) медициналық ұйымдардың басшыларымен және өкілдерімен ДЗ мен МБ айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, онын ішінде                    GPP тиісті дәріханадық практикасы стандартын (бұдан әрі- GPP Стандарт)  енгізу, ДЗ мен МБ жанама әсерлеріне фармакологиялық қадағалау және мониторинг жүргізу, дәрілік заттарға рецепт жазу, бөлшек саудада сату ережелерінің  қағидаларын сақтау мәселелеріне қатысты семинар-кеңесте түсіндірме  берілді.

Сондай-ақ, семинар барысында ДЗ мен МБ  саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамаған кезде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабарланды.

GPP стандартын енгізген медициналық ұйымдардың өкілдері GPP стандартын енгізу тәжірибесімен бөлісті.          

Семинар барысында департамент басшысы медициналық ұйымдардың басшыларын осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1017652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version