Семей қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Сенбілікке 2 мыңнан астам адам қатысып, 550 текше метрден астам қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Мұндай сенбіліктер қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және ортақ жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосады.
Тазалық – өзімізден басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017651?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау