Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті жиырма тоғызыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2025 жылдың 30 маусымында сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қалалық әкімдігінің және Түркістан облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау туралы;
- Кентау қалалық тұрғын-үй шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы;
- Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №83 «Кентау қаласының Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kentau/press/news/details/1017827?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау