Бүгін – ерекше күн. Бұл күн – өмірге араша түсіп, үміт отын сөндірмей келе жатқан ақ халатты абзал жандардың мерекесі.Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!
Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен күн сайын жасаған жанкешті еңбектеріңіз – ешқашан өлшенбейтін, бірақ мәңгі бағаланатын асыл іс. Әрбір дәл қойылған диагноз, әр сәтінде жасалған көмек – бір өмірдің амандығы. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз, шын жанашырлықпен атқарған қызметтеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш.
Адам жанына араша болу – жай ғана жұмыс емес, бұл – өмірлік ұстаным, жүрек қалауы. Сол ұлы жолдан таймай, қанша қиындық кездессе де, абыроймен қызмет етіп келе жатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік пен шабыт тілеймін. Ақ халаттарыңыз – тек кәсіби киім емес, сенім мен үміттің символы болып қала берсін!
Құрметпен,
Аманкелді ауылдық округі
әкімі Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1017828?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау