Ақмола облысының полицейлері қамқорлығындағы мектептің түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 мамыр — қуанышқа, толқу мен үмітке толы ерекше күн. Бұл күн — түлектер, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін мектеп өмірімен қоштасатын маңызды кезең. Осы айтулы сәтте Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, ведомство басшысы Нұрсұлтан Мукашевтың тапсырмасымен, қамқорлығындағы мектепке барып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен жеке құттықтады.

— Құрметті түлектер, қадірлі ата-аналар! Бүгін біз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз — Сіздер мектеппен қоштасып, ересек өмірге қадам басып барасыздар. Бұл — еңбектеріңіздің, білімге деген ұмтылыстарыңыздың, және де әрине, ата-аналар мен ұстаздардың шексіз қолдауының нәтижесі. Барша ұстаздар мен ата-аналарға еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздерге жарық жол, таңдаған мамандықтарыңыз өмір бойы сенімді тірек болсын деп тілеймін, — деді полиция полковнигі, тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Аягөз Қалиева.
Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясында өткен салтанатты жиын есте қаларлық жарқын шара болды. Қошеметпен қарсы алынған 11-сынып түлектері сынып жетекшілерімен бірге сахнаға шықты.
Қызметкерлер мектептегі “Жас сақшы” полиция сыныбына ерекше назар аударды. Жазғы демалыс қарсаңында олармен профилактикалық әңгіме өткізіліп, қауіпсіздік ережелері еске салынды және мазмұнды, жарқын әрі қауіпсіз демалыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1003548?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version