«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуі негізінде (СӘЖ №3, 2025 жылғы 23 мамыр, сағат 13:30), 24 мамыр түні кей жерлерде қатты және өте қатты жаңбыр жаууы (9-40 мм), бұршақ және дауылды жел болжанып отыр. Осыған байланысты Іле және Күнгей Алатау таулы аймақтарында сел жүру қаупі туындауы мүмкін.
Сақтық шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймыз:
-
таулы аймақтарға сапарға шықпаңыз;
-
өзен арналары мен сай-салалардың маңында болмаңыз;
-
ресми хабарламаларын мұқият қадағалаңыз.
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1003549?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау