Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Теректі ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған Подстепный №2 жалпы орта білім беретін мектебінде болып, «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттарына қатысты.
7-сынып оқушыларымен кездесу барысында Елдос Набиоллаұлы Кореядағы білім жүйесі туралы әңгімелеп, үлкен глобустан Қазақстанды таба алмағанын айтып, оқушылардан кішкентай глобустан Кореяны табуды сұрады. Оқушы тез тауып беріп, білім деңгейінің жоғары екенін көрсетті. “Сіздер – еліміздің ертеңісіздер. Білімді, адал, адамгершілігі жоғары ұрпақ қана еліміздің жарқын болашағын қалыптастыра алады,” – деді басқарма басшысы.
Басқарма басшысы оқушылардың білімге деген ынтасына ризашылығын білдіріп, болашақта да білімге аса назар аударуға, жақсы жетістіктерге жетуді тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1003543?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау