eOtinish.kz
eOtinish базасы арқылы Мемлекеттік органдарға ресми өтініш беріңіз
1.eOtinish.kz-те өтініш берудің жолы
Өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:
1. https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту немесе eGov mobile https://egovmobile.page.link/eOtinish
2. Авторлану
3. Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі – Арыз)
4. Қажетті мемлекеттік мекеменің атауын енгізіңіз
5. Өтініш мәнін сипаттау
6. Қажетіне қарай картадан проблема туындаған орынды көрсету
7. Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық мөлшері 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді)
8. Нақты тұратын мекенжайын көрсету
9. ЭЦҚ көмегімен қол қою және жіберу
10. Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
2. Өтінішке қойылатын жалпы талаптар
1. Ауызша нысанда берілген өтінішті әкімшілік органның өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғасы немесе қызметкері жеке хаттамаға енгізеді.
2. Жазбаша нысанда немесе электронды құжат нысанында берілген өтініште, хаттамада мыналар көрсетіледі:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда);
2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның атауы;
3) өтініштің мәні;
4) өтініш берілген күн;
5) өтінішкердің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
3. Өтініштің орындалу мерзімі қандай?
Өтінішті қарау мерзімі Қазақстан Республикасының ӘРПК-мен реттеледі. ӘРПК туралы толығырақ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350 сілтемесінен біле аласыз.
Арыз, хабарлама, үн қосу, ұсыныс, сұрату негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының уәжді шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
Заңгерлік көмек көрсетуіне байланысты адвокаттың сұратуына жазбаша жауап келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер сұратудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, БАҚ-тың сұратуына жауап ол келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қарау мерзімі бір рет ұзартылуы мүмкін.
Ақпарат беру туралы жазбаша сұратуға жауап ақпарат иеленушіге келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі.
Жазбаша сұрату бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрату тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушының назарына жеткізіледі. Қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы ұзарту күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері) атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты сот орындаушыларының (мемлекеттік те, жеке де) сұратулары 3 күн ішінде қаралады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша ол тіркелген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
Салық мониторингіне жататын салық төлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1003544?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау