Сіздерді «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Соңғы қоңырау» мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Бұл күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Бүгін білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын!
Екі нәрсе өмір бойғы еңбегіңнің босқа кетпеуін қамтамасыз етеді екен, олар: Ісіңде қабілетті болу және жақсы көретін жұмысыңды істеу. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңа тілектеспін.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалынып келеді.
Ұстаз алдында бүкіл адамзат бас иіп, тағзым етеді. Өйткені, шәкірттеріне білім, тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.
Сіздерді рухани жаңғырудың өркениетті көшіне ілесіп, Жаңа Қазақстанның іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болады деген сенімдемін.
Биылғы оқу жылында аудан бойынша 3714 оқушы мектепбітіріп, олардың 3057 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 278 оқушымыз «Алтын белгіге» үміткер.
Қымбатты түлектер!
Сіздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін!
Ел сенімін, үлкендер үмітін ақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, алдарыңыздан болашақтың даңғыл жолы ашылсын!
Ақ жол, аяулы түлектер!
Ізгі ниетпен,
Арман Абдуллаев
Сарыағаш ауданының әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1003675?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау