Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балаларды жазғы сауықтыру орталығына арнайы барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын саралады. Ауданның білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Ә. Адеевке жұмыс қарқынын күшейтуді, мерзімінді аяқтауды ескертті.
Балаларға арналған жаздық сауықтыру орталығына биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. “Балдаурен” балаларды сауықтыру лагері осы жылдың 5 маусымынан бастап 18 тамызға дейін 7 ауысым балаларды қабылдайтын болады.
Бір ауысымның ұзақтығы – 10 күн.
Сарыағаш аудан әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1003673?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау