Мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы аясында «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б. Беспалинов Жарқайың ауданы Гастелло ауылында азаматтарды қабылдады. Аймақ тұрғындары жол жөндеу, жарық бағаналарын орнату, бойынша өтініштерін жеткізді. Ауданның депутаттары және партия мүшелерімен өткен кездесуде Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов және аудандық мәслихаттың депутаты С.Сәрсембинов қатысты. Кездесуде жол картасының және партиялық жобалардың іске асу барысы талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1002739?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау