Түрксіб теміржол станциясында оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Түрксіб теміржол станциясында жолаушылар пойызында аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас – Сібір жарасы анықталған кезде іс-қимыл тактикасын пысықтау үшін оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – теміржол көлігінде аса қауіпті жұқпалы ауру анықталған жағдайда жауапты қызметтердің үйлестірілген іс-қимылдарын пысықтау және эпидемияға қарсы шұғыл шараларды тиімді жүргізу алгоритмдерін нақтылау болды.

Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен қатар, теміржол көлігі мекемелері, жедел медициналық көмек қызметі, полиция, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі ведомстволар қатысты.

Сценарий бойынша жолаушылар пойызында Сібір жарасына күдікті науқас анықталған. Осы жағдайға сәйкес шұғыл түрде оқшаулау, дезинфекциялық шараларды жүргізу, медициналық көмек көрсету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру әрекеттері іс жүзінде орындалды. Қатысушы мамандардың әрқайсысы өз құзыреті шеңберінде нақты іс-қимылдарын көрсетті.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық қызметтердің өзара іс-қимылдары келісілген деңгейде жүргізіліп, жедел шешім қабылдау, ақпарат алмасу және эпидемияға қарсы әрекет ету тиімділігі жоғары бағаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1002738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version