Кене энцефалитінен сақтану

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ақпараттық – түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында Шиелі темір жол вокзал қызметкерлеріне «Кене энцефалитінен сақтану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында мамандар кене энцефалитінің алдын алу шаралары, кенеден қорғану әдістері, және аурудың белгілері туралы толық ақпарат берді. Қызметкерлерге жеке қорғану құралдарын дұрыс қолдану, киім таңдау, сондай-ақ кенеден тексеру тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарда қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, арнайы ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды. Бұл іс-шара санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті арттыруға және халық арасында инфекциялық аурулардың алдын алу деңгейін жоғарылатуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1002883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version