Өңір кәсіпкерлерімен өзара іс – қимылды нығайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі-Департамент) басшысының орынбасары Г. ҚасымовН. “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
«Мерусар и К» ЖШС директоры М.А. Махановтың электрмен жабдықтау объектілерін пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды толық орындамауына, сондай-ақ осы мәселені шешуді ілгерілетуге жәрдемдесу қажеттілігіне қатысты негізгі өтініштерінің бірі болды.
Өтініш берушіні тыңдағаннан кейін Департамент басшысының орынбасары жағдайдың мәні бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, жақын арада барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай бастама анықталған проблемаларды жоюға және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді шешім әзірлеуге арналған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1002884?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау