Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн – соңғы қоңырау сыңғырлап, балалық шақпен, мектеп өмірімен қоштасу сәті туды. Бұл — білім мен тәрбиенің, достық пен алғашқы арманның жолын жалғаған алтын көпір.
Қымбатты түлектер! Сіздер – біздің үмітіміз, қаламыздың ертеңі. Алдарыңызда үлкен өмірдің жолы басталғалы тұр. Осы жолда сенімдеріңіз мықты, армандарыңыз асқақ болсын! Қай жерде жүрсеңіздер де, туған мектебіңізді, ұстаздарыңызды және туған қалаңызды ұмытпаңыздар.
Ұстаздарға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің мейірімдеріңіз, біліміңіз бен еңбектеріңіздің арқасында жас ұрпақ жаңа биіктерге жол табуда. Сіздерге денсаулық, шабыт және толағай табыс тілеймін.
Ата-аналарға да ерекше алғыс білдіремін. Балаларыңыздың әрбір жетістігінде сіздердің маңдай теріңіз, қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз жатыр.
Құрметті түлектер! Болашаққа сеніммен қадам басыңыздар. Алдағы өмір жолдарыңыз жарық, табысты болсын. Әрқайсыңыз ел ертеңі үшін еңбек ететін азамат болыңыздар!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Ақ жол тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1003024?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау