Павлодар облысының бес мектебі «Елдің 100 үздік мектебі» тізіміне енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Павлодар облысының бес бірдей мектебі Қазақстан Республикасының «Елдің 100 үздік мектебі» тізіміне енді. Бұл мәртебелі атақ келесі білім беру ұйымдарына берілді:

  • Павлодар ауданының білім беру бөлімінің Заря орта жалпы білім беру мектебі;

  • Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің Песчан №2 орта жалпы білім беру мектебі;

  • Павлодар қаласының №35 орта жалпы білім беру мектебі;

  • Павлодар қаласының №7 орта жалпы білім беру мектебі;

  • Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі орта жалпы білім беру мектебі.

Павлодар облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері аталған мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан мектеп ұжымдарына білім беру саласының дамуына қосқан зор үлестері үшін алғыс білдіріліп, «ҮЗДІК МЕКТЕП – 2025» марапаты табысталды.

Бұл жетістік – педагогикалық ұжымдардың қажырлы еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және оқушылардың білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Жеңімпаз мектептерді лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1003023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version