Құрметті ұстаздар, оқушылар, түлектер және ата-аналар!
Бүгін білім нәрімен сусындап мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барша мектеп бітіруші түлектерді шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті түлектер!
Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Қазақстанның жарқын болашағы болыңдар!
Барша жас түлектерді алдағы сынақтардан жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің білікті де білімді маманы атануларыңызға тілектеспін. Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!
Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!Ақ жол болсын!
Ізгі тілекпен,
Тарбағатай аудандық мәслихаттың төрағасы О.Канагатов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1003170?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау