Бүгін Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елді мекеніндегі Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінде дәстүрлі “Соңғы қоңырау” салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл ерекше күн – білім жолындағы тағы бір белесті артқа тастап, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектер үшін есте қаларлық сәттердің бірі.
Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы ретінде арнайы қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтадым. Өз сөзінде ол ұстаздардың өлшеусіз еңбегіне алғыс білдіре отырып, түлектерге өмір жолдарында сәттілік, жоғары жетістіктер мен табандылық тіледім.
– Білім – ел ертеңінің кепілі. Мектеп қабырғасында алған тәлім мен тәрбие сіздердің болашақтарыңызға бағыт-бағдар береді. Әрқашан биік мақсат қойып, соған жету жолында аянбай еңбек етіңіздер. Мемлекетіміздің дамуына өз үлестеріңізді қосады деген сенімдемін.
Салтанатты шара барысында мектеп бітіруші түлектер ұстаздар мен ата-аналарға жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мектеппен қоштасу вальсін орындады. Сондай-ақ, оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан оқушыларға арнайы марапаттар табыс етілді.
Мектеп директоры, ауыл оеруг әкімінің орынбасары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің өкілдері де сөз алып, бітірушілерге ақ жол тілеп, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан сәтте тура жолдан таймай, ұлтқа, елге қызмет ететін азамат болуларын тіледі.
Осылайша, Бейсен Оңтаев мектебінің ауласында сыңғырлаған соңғы қоңырау үні түлектер үшін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге бастар жолдың алғашқы қадамы болды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау