«АСЫҚ АТУ» ЖӘНЕ «БЕС АСЫҚТАН» ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өткен аптада 16-17 мамаыр күндері БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Асық ату» және «Бес асықтан» ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Облыстық додаға Орал қаласы, Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Бәйтерек, Ақжайық, Бөкей Орда және Казталов Казталов аудандарының командалары бақ сынады. Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдар Қазбекұлы, БҚО асық атудан ерлер арасында аға жаттырықтырушы Ержан Спортұлы, Орал қаласы “Асық ату” Федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Айнұр Төлегенқызы қатысты.
 
Ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған чемпионат қорытындысына сәйкес, «Бес асықтан» командалық есепте І орын Бәйтерек ауданы, ІІ орын Ақжайық ауданы, ІІІ орынды Казталов ауданы иеленді. Ал жекелей сында 1 сақа бойынша ІІ орын Диляра Қуаныш, 2 сақа бойынша ІІ орын Асель Даулетова, 3 сақа бойынша ІІІ орынға Гүлзат Жұбан ие болды.
 
Ерлер арасында командалық есепте Сырым ауданы ІІІ орын, Ақжайық ауданы ІІ орын, Теректі ауданы І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жекелей сында 1 сақа бойынша теректілік Бағдаулет Сламқұл І орын, сырымдық Аслан Ақмұқанов ІІ орын, казталовтық Жалғас Ақатай ІІІ орынды иеленсе, 2 сақа бойынша ақжайықтық Асылбек Уалиев І орын, теректілік Жақсылық Жақсыбайұлы ІІ орын, сырымдық Асет Нығмет ІІІ орынға ие болса, 3 сақа бойынша казталовтық Дархан Құттыбаев І орын, ақжайықтық Сырым Магелланов ІІ орын, теректілік Роллан Қуаншалиев ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» аталымымен Бағдаулет Сламқұл,«Сұр мерген» аталымымен Асылбек Уалиев, «Ардагер спортшы» аталымымен Естай Жолдыбеков марапатталды.
 
Жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
 
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1002134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version