Павлодар қаласының ғибадат ғимараттары бойынша Экскурсия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20.05.2025 жылы Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында “Жас талап” жастар қоғамдық бірлестігі аудан мектептерінің оқушыларына Павлодар қаласының ғибадат ғимараттары бойынша экскурсия өткізді. Діни қызметкерлер дін тарихы мен діни ғимараттар туралы айтып берді.
Іс-шараның мақсаты жастардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, діни және зайырлы өмірдегі мемлекетіміздің түрлі діндерінің маңызы мен рөлі туралы идеяларды бекіту.
Экскурсияға Абай атындағы, М.Жұмабаев атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептерінің 15 жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастар белсенділік пен қызығушылық танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/1002133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version