Департамент басшысы білім бөлімдері басшыларын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департамент басшысы Ғалия Дәулетова Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Дәурен Нәсібеков пен Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Нариман Жахудаевты қабылдады.
 
Аудандық білім бөлімінің басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен білім саласының проблемалық мәселелеріне қатысты ақпарат берді.
 
Департамент басшысы аудандар бойынша жүргізілген мониторинг пен мемлекеттік бақылау шаралары аясында айқындалған проблемалық мәселелерге тоқталды.
 
Атап айтқанда, білім сапасына жүргізілген сыртқы бағалау қорытындылары, апаттық балабақшалар, біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін бастауыш мектептер, оқушы орнының тапшылығы, тәрбие мәселелері, мектеп директорлары орынбасарларын ротациялау, кадрлық резерв жасақтау, білім алушылардың қауіпсіздігі және жазғы тынығу лагерьлерінің жай-күйіне қатысты сұрақтар көтеріліп, нақты ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1001333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version