«Манго» үлгілі спорттық би студиясының қорытынды есеп беру концерті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 21 мамыр күні Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының үлкен залында «Манго» үлгілі спорттық би студиясының дәстүрлі жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Бұл шара студия тәрбиеленушілерінің жыл бойы меңгерген өнерлерін көпшілікке паш етіп, ата-аналар мен қонақтарға ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлады.

Концерт барысында әртүрлі жастағы топтар көрермендерге заманауи және спорттық бағыттағы би қойылымдарын ұсынды. Көрсетілімдер ерекше көркемдікпен, кәсіби деңгейде дайындалғаны байқалып тұрды. Кешке келген 300-ге жуық көрермен — тәрбиеленушілердің ата-аналары, туыстары және жанкүйерлері — әр номерді ыстық ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті.

Концерттің жоғары дәрежеде өтуіне студия жетекшісі, тәжірибелі хореограф Самарғалиева Айгүл Мұбарбекқызының еңбегі зор болды. Оның кәсіби біліктілігі мен шығармашылық көзқарасы тәрбиеленушілердің әр қойылымынан көрініс тапты. Шара барысында студияның үздік оқушылары марапатталып, олардың жетістіктері ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1001335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version