Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиададан жүлделі II орын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Алматы қаласы Спорт басқармасымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Алматы қаласының мемлекеттік органдары арасында спартакиада ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шараға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқармаларының қызметкерлерінен құралған команда қатысып, жүлделі II-орынға ие болды.

Мемлекеттік қызметшілер жеңіл және ауыр атлетика, армрестлинг, шахмат спорт түрлері бойынша – 4 алтын, 5 күміс, 1 қола иемденді.

Осылайша Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қатарынан үшінші жылы қалалық спартакиададан жүлделі орындарға ие болып жатқанын атап өтуге болады.

Бұл жетістіктердің бәрі, қызметкерлердің өз ұжымдарында ұйымдастырылып жүрген ішкі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары дайындықта жүргендерін білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1027836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version