Алмалы ауданы — жастар мен қоғам қауіпсіздігі үшін біріккен алаң

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Алматыда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында «AntiDope Fest» жастар фестивалі өтті. Бұл іс-шара — есірткіге қарсы айлықтың қорытынды кезеңі ретінде ұйымдастырылды.
🔸 Фестиваль «Narkostop» жобасы аясында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар қатарында Алматы қаласы Жастар ресурстық орталығы, «Senim Bol» қоғамдық қоры және Алмалы ауданы әкімінің аппараты болды.
🔹 Фестивальге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Кенесбай Алмаз, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясының төрағасы Рысбеков Марлен, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Көбеев Дәурен, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі Шарипбаев Райымбек және 200-ге жуық ерікті қатысты. Қатысушылар құқықтық мәдениет, есірткіге қарсы күрес және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1029528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version