Целиноград ауданында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аграрлық сектор мен қаржы институттарының өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында Целиноград ауданында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мәселелері талқыланды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған қолданыстағы несие бағдарламалары, жеңілдетілген қаржыландыру шарттары, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау тетіктері, несие мерзімі, мөлшерлемесі, қарыз алушылар мен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар болды.

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері шағын және орта агробизнесті қолдау бағдарламалары, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына, техника, тұқым, жанар-жағармай, жем-шөп сатып алуға, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға арналған несиелер туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несие ресурстарына қолжетімділік, өтінімдерді қарау мерзімі, кепілдік талаптары мен жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде субсидиялар мен АӨК-ті ынталандыруға бағытталған басқа да құралдарды уақытылы және тиімді игеру, құжаттарды рәсімдеу кезінде аудандық және облыстық құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Мұндай кездесулер ақпарат алмасудың тиімді алаңы ретінде қызмет етеді, ынтымақтастықтың оңтайлы тетіктерін қалыптастыруға және аудан ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1029529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version