Қаскөйлер негізінен түнгі уақытта әрекет етіп, бұрыш баллондарын және күш қолдануды пайдаланған. Олар ұялы телефондар, қол сағаттары мен қолма-қол ақшаны жымқырған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың кемінде үш қылмысқа қатысы бар, бұл деректер қаланың әртүрлі аудандарында тіркелген.
«Жәбірленушілердің арыздарына жедел әрекет еттік. Аудандық бөлімшелермен бірлескен кәсіби жұмыс нәтижесінде қылмыстық топтың күдікті мүшелерін қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстадық. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді, Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Әрбір дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап, тиісті тергеу және жедел іс-шараларын жалғастыруда.
Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы азаматтарға мынадай ескерту жасайды: егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз құқыққа қайшы әрекеттерге тап болса, бірден жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе «102» нөміріне хабарласыңыз. Уақытылы жасалған хабарлама қылмыстың «ізін суытпай» ашылуына едәуір ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1038904?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау