ИГІЛІКТІ ІС ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

     Қаратау қаласындағы орталық мешіт жанынан көктем айларында мәйітхана пайдалануға берілді. Бұл — қала тұрғындары үшін аса маңызды әрі қажетті нысан. Көпқабатты үйлерде тұратын халық үшін мұндай орынның болуы — үлкен мәселенің шешімі болды.

     Мәйітхана құрылысы Өзбекстан Республикасынан көшіп келген азамат, қала тұрғыны Жолдас Нұрбаевтың бастамасымен қолға алынды. Ол өз ойын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Талас аудандық филиалының төрағасы Қонақбай Қалжановқа жеткізіп, мәселе көпшілік назарына ұсынылды.

     Игілікті бастама жұртшылықтың кең қолдауына ие болып, құрылысқа қажетті қаражат қысқа мерзім ішінде жиналды. Құрылыс жұмыстарына қала тұрғындарымен қатар ел ағалары мен кәсіпкерлер де атсалысты. “Руслан” құрылыс дүкені, “Диас” сауда орталығы және “Құрылыс маркеті” (иесі — Төлемұратова Жадыра) құрылыс материалдарын ұсынып, құрылыс қарқынын арттыруға ықпал етті.

     Мәйітхана құрылысын ұйымдастыру және үйлестіру ісінде орталық мешіттің бас имамы Жалғасбай Жұбатханов пен Жолдас Нұрбаев белсенділік танытты.

     “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, ел бірлігінің нәтижесінде маңызды әлеуметтік нысан қысқа уақытта салынып, халық игілігіне берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1038903?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version