Астана күніне орай асық ату жарысы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 шілде күні Мұқаншы ауылдық округінде Астана күніне орай мектеп оқушылары арасында асық ату жарысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау, оқушылардың мерекелік көңіл күйін көтеру, сондай-ақ дәстүрлі ойындар арқылы оларды бірлікке, татулыққа тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Берік Бегжан, ІІ орынды Біржан Әмірхан, ал ІІІ орынды Қыдырхан Айсултан иеленді. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Бұл жарыс жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1040141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version