Елорданың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорданың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл экономикалық тұрақты өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, орнықты жұмыс орындарының құрылуына да ықпал етеді. 2024 жылы қаланың экономикасына шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда көп.

✅Инвестштаб отырысында инвесторлардың бірқатар ұсынысы қаралды. Мәселен, көпфункционалды логистикалық бөлу кешенін және шаруашылық дүкендер желісінің кешенін салу, тау-кен металлургиясына арналған зертханалық кешен, жарықтандыру бағаналарын өндіретін өндірістік кешен мен геохимиялық зертхана салу жобалары ұсынылды. Ұсынылған жобалардың жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Бұл шамамен 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлік инвестициялық штабтың отырыстарын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз ынтымақтастық орнатып, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1040142?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version