Көксу бекетінде су арықтарын тазалау жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 шілде күні Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетінде Қазақстан және Әуезов көшелерінің аралығында орналасқан бас арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара ауыл ішіндегі су айналымын жақсартуға, тұрғындар үшін санитарлық әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Арықтардың уақытылы тазалануы – көктемгі еріген қар суының тасқыны мен шамадан тыс ылғалдан туындайтын мәселелердің алдын алудың маңызды бөлігі болып табылады.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1040150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version