Ақшатау кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Білім беру нысанын аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін қарады. Аудан әкімі аудандық білім бөлімі мен жауапты мердігерге құрылыс пен жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын, нысанды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Ақжал кентіндегі Ықшамауданы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында жүріп жатқан кешенді абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарына қатысты өз ойын айтып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сапа мен мерзімге ерекше мән берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1043961?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау