Павлодар энергетиктері Қазақстанда алғаш рет электр желілерін тұтынушыларды ажыратпай ауыстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Орталық Азия Электр энергетикалық корпорациясының» құрамына кіретін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобы Қазақстан энергетика саласында серпіліс жасады. Республикада алғаш рет компания энергетиктері 10 кВ кернеулі электр беру желілерінде тұтынушыларды электр қуатынан ажыратпай жұмыс жүргізуде.

Бұл жұмысты «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның құрамындағы «Павлодар тарату электр желілері компаниясы» АҚ мамандары атқаруда. Мұндай жұмыстарды орындау үшін электромонтерлер Қазан қаласында арнайы оқудан өтіп, олар үшін арнайы қорғаныс құралдары мен оқшаулағыш буындары бар Altec автогидрокөтергіш сатып алынды.

Павлодар облысының Кенжекөл ауылында «ПРЭК» АҚ қызметкерлері 10 кВ әуе желісінің бағанасына орнатылған траверс пен изоляторларды кернеу астында, тұтынушыларды ажыратпастан ауыстырды. Жұмыс уақытша оқшаулағыш траверсаға желі сымдарын ауыстыру арқылы жүргізілді.

2024 жылға дейін жоғары кернеулі желілерде кез келген жұмыс электр қуатын толық ажыратуды талап ететін, бұл тұрғындар мен кәсіпорындар үшін уақытша қолайсыздықтар туғызатын. Энергетиктердің жаңа тәсілі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп, тұтынушылар үшін қолайсыздықтарды азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1043962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version