Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп бірқатар білім нысандарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп қаладағы бірқатар білім беру нысандарын аралап, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Ақтау қаласында жалпы саны 64 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 33-і мемлекеттік, 30-ы жекеменшік және 1 кешкі мектеп бар. Алайда, осы мектептердің бірқатары 50 жыл бұрын салынған. Уақыт талабына сай олардың материалдық-техникалық жағдайы ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етуде. Қала әкімінің орынбасары оқу үдерісінің қауіпсіз әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін, бұл мәселені шешу аса өзекті болып отырғанын айтты.

Ал шаһардағы балабақша саны – 153-ті құрайды. Оның 35-і мемлекеттік, 118-і жекеменшік. Тағы бір шешімін күткен мәселе – үш ауысымды 5 мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ осы жылы “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында қалада 3 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл қадам өз кезегінде күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.

– Бір қуантатын жайт, осындай күрмеулі мәселелерге қарамастан, 2023-2024 оқу жылында білім сапасының көрсеткіші 5,1% көтерілген. «Алтын белгі» иегерлерінің қатары екі есе көбейген. Оқушылардың талаптарына нұр жаусын дейміз, деді Бекзат Жүсіп.

Айта кетсек, қала мектептеріне 70 мыңға жуық оқушы барады. Оларға 5 мың 295 педагог білім береді. Қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіптің сөзінше қаладағы орыс тілді мектептерде география, биология, математика және басқа да пәндер бойынша мұғалім жетіспейді. Аталған мамандық иелері үшін жағдай жасалатынын мәлімдеді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1044016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version