Жағалаудағы кәсіпкерлердің назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласының теңіз жағалауындағы “Солдат” жағажайындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметтің кең етек жайып отырғаны алаңдатады. Әсіресе, рұқсатсыз орнатылған көлеңкелі палаткалар, шатырлар мен беседкалар, тир ату сондай-ақ күш өлшегіш апараттары тұрғындардың наразылығын туғызып, бұқаралық ақпарат құралдарында сынға ұшырауда.

Осыған байланысты Ақтау қаласының әкімдігі заңсыз нысандарды анықтап, оларды жою мақсатында алдағы күндері жоспарлы рейдтік шараларды бастайды.

Құрметті кәсіпкер!

Егер сіздің нысаныңызда заңға қайшы, рұқсатсыз құрылымдар немесе қызмет түрлері болса, оларды алдын ала және шұғыл түрде жоюыңызды талап етеміз. Бұл – әкімшілік шараларға жол бермей, ортақ тәртіп пен қоғамдық талаптарды сақтау тұрғысынан маңызды қадам.

Қала әкімдігі барлық кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға және жағалау аумағын абаттандыруға үлес қосуға шақырады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1044017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version