Астана, 2025 жылғы 31 шілде — Баспасөз конференциясы барысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан аумағы арқылы Қытайға Ресей мұнайының транзит көлемін ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ресейлік тараптан, атап айтқанда «Транснефть» компаниясынан Қытайға жеткізу көлемін жылына 2,5 млн тоннаға дейін арттыру жөнінде ұсыныс түскен. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша техникалық мүмкіндіктерге талдау жүргізілуде.
«Транзиттің техникалық мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстары екі тараппен – Ресейдің ‘Транснефть’ компаниясы мен біздің ұлттық операторымыз ‘ҚазТрансОйл’ тарапынан қатар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жақын арада аяқталады, сол кезде жаңа мұнай айдау станцияларын салу қажет пе, жоқ па — нақты белгілі болады», — деді министр.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлемдерді арнайы қоспаларды қолдану арқылы арттыру мүмкіндігі қарастырылуда. Қорытынды шешім кешенді техникалық бағалау нәтижесі бойынша қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1044249?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау