Жамбылда медициналық сенсация: дәрігерлер алғаш рет ми ісігіне ота жасап, науқасты аман алып қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбылда медициналық сенсация: дәрігерлер алғаш рет ми ісігіне ота жасап, науқасты аман алып қалды
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет миға жоғары дәлдікпен нейрохирургиялық операция жасалды. Дәрігерлер сол жақ маңдай-шекелік аймақта орналасқан менингиома ісігін микрохирургиялық әдіспен толық алып тастап, науқастың өмірін сақтап қалды.
1959 жылы туған әйел адам ауруханаға бас ауруы мен тырысу белгілерімен жеткізілген. Шұғыл түрде жасалған МРТ зерттеуінде миынан ісік анықталып, дереу операция қажет екені белгілі болды. Пациент батыл шешім қабылдап, отаны Жамбыл облыстық ауруханасында жасатуға келісті.
Бұл – өңір тарихындағы алғашқы нейрохирургиялық ота, әрі ол толық сәтті өтті.
Операцияны медицина ғылымдарының кандидаты, хирургия және инновациялар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Асқар Садықов, нейрохирург Инаятддин Муединов, анестезиолог, мейірбике және реабилитация тобы бірігіп жасады.
Бір күннен соң науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылып, 5-күні өздігінен қозғала алатын халге жетті. Ал 10-күні толық жазылып, үйіне шығарылды.
– Бұл оқиға – Жамбыл медицинасындағы жаңа кезеңнің бастауы. Аймақта жоғары технологиялық операцияларды сәтті орындауға болатынын дәлелдедік. Біз үшін ең бастысы – науқастың амандығы, – дейді Асқар Садықов.
Дәрігерлер ескертеді: жиі бас ауруы, бас айналу, тырысу, сөйлеу немесе қозғалыстың бұзылуы байқалса – дер кезінде дәрігерге қаралыңыз!
Ерте диагноз – өмірді сақтаудың кілті!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1044248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version