КЕЛЕС: АБАЙДЫҢ АТЫН ИЕЛЕНГЕН АУЫЛДА – АБАЙҒА АРНАЛҒАН АЙТУЛЫ ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданындағы Абай аллеясында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-философы, ағартушысы, сазгері – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай – ұлттың ұлы ұстазы» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Шараның шымылдығы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды. Мерекелік жиында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев құттықтау сөз сөйлеп, Абайдың қазақ ұлтының рухани дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталды.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш, сондай-ақ аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Лесбек Нұртаев та өз лебіздерін білдіріп, Абай мұрасының мәңгілік маңызына тоқталды.
Шара барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан арнайы келген журналистер делегациясы да қатысып, Абай институтының құрылуына қолдау білдіру және оның мұрасын кеңінен насихаттауға атсалысу мақсатындағы бастамаларын жеткізді.
Мәдени бағдарлама аясында Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Тағылымды шарада Абайдың «Торжорға» күйі, «Көзімнің қарасы» әні орындалып, жиылған жұртшылықтың көңілінен шықты.
Айта кетейік, Абай ауылы – Келес ауданының әкімшілік орталығы. Ауыл атауы 1965 жылы хакім Абай құрметіне берілген. 2018 жылы Келес ауданы қайта құрылып, орталығы ретінде Абай ауылы қайта мәртебе алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044725?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version