Ольгинка ауылы мен Шақат ауылдық округінің бюджеттерін нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және жыл басына Шақат ауылдық округі бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын бөлу жоспарлануда.
Ольгинка ауылының бюджеті бойынша өз кірістерін 4438 мың теңге сомасына ұлғайту, оның ішінде ағымдағы жылдың соңына дейін күтілетін түсімдерге сәйкес түсімдер жоспарларын асыра орындау және көрсеткіштерді түзету есебінен ұлғайту жоспарлануда.
4438 мың теңге сомасындағы қаражатты “Ольгинка ауылы, Целинная көшесі – 0,136 км.кентішілік жолдарды орташа жөндеу, автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ-ға ведомстволық сараптама жүргізу, модульдік қазандыққа трактор мен орталықтан тепкіш сорғыларға қосалқы бөлшектер сатып алу” жобасы бойынша бірлесіп қаржыландыруға бағыттау жоспарлануда.
Шақат ауылдық округінің бюджеті бойынша нақтылау кезінде жыл басына бюджет қаражатының бос қалдықтарын 2780 мың теңге сомасында бөлу, ағымдағы жылдың соңына дейін күтілетін түсімдердің көрсеткіштерін түзетуді ескере отырып, меншікті кірістерді 1236 мың теңге ұлғайту жоспарлануда.
Жалпы сомасы 4239 мың теңге болатын қаражат “Шақат ауылында тротуар (төсем) салу, Шақат ауылдық округінің аумағында арам шөп шабу, Шақат ауылындағы апатты ғимаратты бұзу және әкету” жобасы бойынша бірлесіп қаржыландыруға бағытталатын болады.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес оң қорытынды берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1044726?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау