КЕЛЕС АУДАНЫНДА 32 БІРЛІК ЖАҢА ТЕХНИКА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа арнайы техникалар пайдалануға берілді. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындар игілігі үшін алынған техникаларды салтанатты түрде табыстап, олардың маңыздылығына тоқталды.
— Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Бүгін пайдалануға берілген техникалар осы бағыттағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтереді. Халықтың игілігіне қызмет ететін бұл техникалар күнделікті өмір сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді аудан басшысы.
Жаңартылған техника құрамына жалпы саны 32 бірлік техника атап айтқанда 9 трактор, 9 тіркеме, 3 жүк тиегіш және 11 үш дөңгелекті мотокөлік (трицикл) кіреді. Бұл техникалар «Келес Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді. Жаңа техника аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге, көше-жол желісін күтіп ұстауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылдырылатын болады.
Аудан басшысы техникаларды пайдалануға жауапты мамандармен тілдесіп, жұмыс сапасын арттыруда мұндай қолдаулардың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін тиісті жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044696?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version