Салық кодексінде жекелеген мүлік түрлерін салық салу тәртібі нақтыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2025 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексінде жеке «сән-салтанат салығы» көзделмеген. Дегенмен, жоғары құнды жекелеген мүлік санаттарын салық салу тәртібі заңнамалық деңгейде бекітілді.

      Атап айтқанда, келесі мүлік түрлеріне арнайы салық және (немесе) акциз мөлшерлемелері белгіленген:
    •    18 000 АЕК және одан жоғары бағамен сатып алынған көлік құралдарына – көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;
    •    24 000 АЕК және одан жоғары бағамен сатып алынған яхталар мен ұшақтарға – 10% мөлшерінде акциз салынады;
    •    500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдеріне – литріне шаққандағы құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;
    •    10 000 теңгеден асатын темекі өнімдеріне (сигараларға) – данасына шаққандағы құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;
    •    Жеке тұлғаның меншігінде тіркелген барлық жылжымайтын мүліктің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жағдайда – мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.

       Жылжымайтын мүлік құнын айқындау тәртібі

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – МК) айқындайды. Бұл ретте, МК айқындаған құн нарықтық құннан едәуір төмен болуы мүмкін.

Сонымен қатар, тұрғын және саяжай құрылыстарын бағалау кезінде сән-салтанат коэффициенті (мәні 1) қолданылады. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бұл коэффициентті 50%-дан аспайтын мөлшерге дейін ұлғайта алады.

       Жылжымайтын мүлікке салық салу тәртібі
    •    Егер бір тұлғаның меншігіндегі барлық мүлік объектілерінің жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте салықтың ең төменгі сомасы – 2 946 600 теңге, оған қоса 450 млн теңгеден асатын сомаға 2% мөлшерінде есептеледі.
    •    Егер мүліктің жиынтық құны белгіленген шектен аспаса, онда мүлік салығы әрбір объектіге жеке есептеледі.

       Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды салық заңнамасына енгізілген өзгерістермен алдын ала танысуға және қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына кеңес алуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1044670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version