КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында «Аmanat» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жол картасында көрсеткіштердің орындалуы туралы есебін берді.
Өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 48,2 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 209,4% болды. Биыл 41 млрд теңгеге инвестиция тарту көзделген. Жеке кәсіпкерлер есебінен өткен жылы 3,8 млрд теңгенің 10 жобасы іске асырылып, 235 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылдың соңына дейін 63,2 млрд теңгенің 5 жобасын жүзеге асырып, 2180 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп өнімі 5,4 млрд теңгеге жетіп, жоспар 103,1% орындалды. Биыл 6,2 млрд теңгеге жеткізу межеленген. Қыш, асфальт, темірбетон, гофрокартон және сүт өңдеу зауыттарын іске қосу көзделуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылы 70,1 млрд теңгені құраса, биыл 83,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Су үнемдеу технологиясы 1300 гектарға енгізілді, биыл тағы 1171 гектарға енгізу көзделуде.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында өткен жылы 600 орындық мектеп және үш елді мекенде 300 орындық мектептер пайдалануға берілді. Ауданның 71,1%-ы табиғи газбен, 81,9%-ы сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы 18 көшеге асфальт төселіп, жақсы жолдардың үлесі 61,2% болды. Биыл 21 көшеге орта жөндеу жүргізіледі.
“Amanat” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында өткен жылы 50 іс-шараның 43-і орындалды. Алда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, өңдеу өнеркәсібін өркендету, инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ ауданды абаттандыру жұмыстарын жалғастыру міндеті тұр.
Жиын барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтау, жолдарды жөндеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойылды. Барлық мәселелер бойынша нақты жауап беріліп, кейбір жобалардың жаңартылып жатқандығы атап өтілді. Отырыс соңында көтерілген ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044673?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version