2025 жылдың 1 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мамандары Орал қаласындағы орталық базар аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында «На Театральной», «Колос», «AINAM», «Венера», «Шарм», «Азиза», сондай-ақ «Мирлан» сауда үйлерінде орналасқан кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына деструктивті діни ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылды.
Орталық мамандары тұрғындарды кез келген күмәнді діни ақпарат көздерінен сақ болуға, ресми дереккөздерге ғана жүгінуге шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-din/press/news/details/1044674?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау