⚜️АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ-ХӘКІМ АБАЙ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, “Абай мұралары” онкүндігі аясында аудандық Мәдениет үйіне қарасты Жеңіс ауылдық Мәдениет үйінде “Адамзаттық алып – Хакім Абай” іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.
Қатысушылар жергілікті тұрғындар, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, жастар және мектеп оқушылары болды. Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздері оқылды. Сонымен қатар, Абайдың әндері айтылды. Абай шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға Абай мұрасының құндылығы мен маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Кештің негізгі мақсаты — жастарды Абайдың терең ойларымен, адамгершілік құндылықтарымен таныстыру, олардың рухани байлығы мен ұлттық болмысының қалыптасуына ықпал ету болды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1045502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version